Басты бет Жаңалықтар Елбасы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы туралы жарлыққа өзгертулер енгізді

Елбасы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы туралы жарлыққа өзгертулер енгізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) осы Жарлыққа сәйкес лауазымдары және лауазымдарының санаттары өзгертілген мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етсін.

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды Ақорданың ресми сайтынан көре аласыздар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version