«ҚазАвтоЖол» 21 қаңтардағы Қазақстан жолдарындағы жағдай туралы хабарлады.
Төрт облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеулер енгізілді, — деді компаниядағылар.
Ақтөбе облысы
1. Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 255-330 шақырымы, Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі жол жабылды.
2. Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 185-255 шақырымы, Шұбарқұдық ауылынан Қарауылкелді ауылына дейінгі аралық жабылды.
Жамбыл облысы
1. Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі аралығы жабылды. Көліктер ескі Қордай асуы арқылы жүріп жатыр.
Ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс шектелген (жаңбыр мен қар, жел, тұман).
Жетісу облысы
1. Үшарал – Достық тасжолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін тұман.
Батыс Қазақстан облысы
1. Орал – Тасқала – Ресей шекарасы, Оралдан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі тас жолдың 4-104 шақырымы жабық.
2. Атырау – Орал тасжолының 375-492 шақырымы, Чапаев ауылынан Оралға дейін жол жабық.
3. Чапаев – Жалпақтал – Казталовка тас жолының 0-213 шақырымы, Чапаево ауылынан Казталовка ауылына дейінгі аралық жабық.
4. Казталовка – Жәнібек – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының 0-158 шақырымы, Казталовка ауылынан Жәнібек ауылына дейінгі жол жабылды.5. Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының 0-36 шақырымы, Подстепное ауылынан Федоровка ауылына дейінгі аралық жабылды.
6. Самара – Шымкент тасжолының 195-246 шақырымы, Ресей Федерациясындағы ауа райының нашарлауына байланысты Ресей Федерациясының шекарасынан Оралға дейінгі жол уақытша жабылды.
Республикалық маңызы бар жолдардағы жұмыстарға 289 техника мен 460 адам жұмылдырылған.