Басты бет / Жаңалықтар /
e204c74b71692e1b6065a9b67d7a792d Қазақстандық боксшылар Венгриядағы турнирде бес алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Венгриядағы турнирде бес алтын медаль жеңіп алды

Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бочкай атындағы мемориал аяқталды. Турнирде қазақстандық боксшылар бес алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

Қазақстан командасынан Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион атанды.

Асхат Жүсіпов финалда украиналық Андрей Тишковецті жеңсе, Асылжан Серікбай венгриялық Роланд Верештен басым түсті.

Бейбарыс Жексен венгриялық Крузито Ковачты, Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачты тізе бүктірді.

Ерасыл Жақпеков венгриялық Пал Ковачты жеңді.

Күміс жүлдегерлер қатарында Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) бар.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok