Басты бетЖаңалықтарБатыс Қазақстанда...

Батыс Қазақстанда республикалық жолда қозғалыс шектелді

20 қаңтар күні жергілікті сағат 20.40-тан бастап республикалық маңызы бар Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы (0-158 км, Казталов-Жәнібек) жолы барлық көлік түрлері үшін жабылды. Бұл туралы«ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалы хабарлады.

Сол секілді осы уақыттан бастап республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Казталов (0-213 км, Чапаев-Казталов) жолында барлық көлікке шектеу енгізілді.

Жол бөліктері жел соғып, жаңбыр жауып, кей жерлерде көктайғақ болғанына байланысты жабылды.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.

Сонымен қатар боранға байланысты Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктеріне шектеу қойылды.