Басты бетЖаңалықтарБоранға байланысты...

Боранға байланысты Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктеріне шектеу қойылды

ҰҚК шекара қызметі боран, көктайғаққа байланысты Самара-Тольятти жолында жүк көліктері үшін шектеу қойылғанын хабарлады.

Маштаков халықаралық автомобиль өткізу бекетінде жүк көліктерінің Қазақстаннан Ресейге өтуіне шектеу енгізілді. Өткізу шамамен 21 қаңтар күнгі сағат 13.00-ге дейін тоқтатылған. Сондықтан жүргізушілерге балама бағытты таңдауды ұсынамыз. Мемлекеттік шекарадан Ақсай-Елек, Шаған-Теплое, Тасқала-Озинки бекеттерінен өтуге болады, — деп хабарлады ведомстводан.