“Астана Моторстың” еншілес компаниясы — Changan көліктерін елге әкеліп жүрген Silkway Auto Kazakhstan 2024 жылдағы жаңа өнімін таныстырды.

Бүгіннен бастап сәнді әрі тиімді Alsvin седанын Changan Auto-ның барлық ресми орталығынан сатып алуға болады.

Alsvin моделін Changan Automobile Group әзірлеп шығарады. Бұл автоконцерн өнімінің технологиялы әлі инновациялы болғанын негізгі принципі етті. Оған қоса сату бойынша Қытайдағы қытайлық брендтердің ішінде екінші орында тұр. Бұған дейін Қазақстан азаматтары Changan брендінің флагмандарын ғана таныды. Қалтаға салмақ түсірмейтін тиімді модель нарыққа алғаш рет шығып отыр.

Alsvin мен B-класындағы седандардың бір тұсы ғана ұқсайды: екеуінің классикалық күш параметрі бірдей. Седан 98 ат күші және 137 Нм айналу моменті шығаратын 1,5 литр болатын атмосфералық бензин қозғалтқышымен жабдықталған. Автокөлікте алдыңғы жетекті және екі дымқыл муфтасы бар бес жылдамдықты берілу қорабы бар.

Көлікке жүргізуші мен алдыңғы орындықта отыратын жолаушыға арналған қауіпсіздік жастығы, қаншалық тұрақты екенін тексеріп отыратын жүйе, доңғалақтардың қысымын бақылайтын жүйе, өрге шыққанда көмектесетін жүйе және криуз-бақылау орнатылған. Оған қоса жүргізуші көліктің артындағы көріністі көре алуы үшін арнайы камера мен тұрақ бергіші қойылған.

Фото: Астана Моторс

Alsvin көлігіне түрлі-түсті сенсор экраны бар мультимедиа жүйесі орнатылған. Оның диагоналі – 10,25 дюйм, акустикалық жүйесінде төрт динамик бар. Оған Bluetooth арқылы мобайл телефонды жалғауға болады. Alsvin-нің “B” седанынан басты айырмашылығы — басқаруға ыңғайлы екенінде әрі өзіңе бейімдей алатыныңда. Әдетте мұндай ерекшеліктер класы жоғары көліктерде ғана бар.

Фото: Астана Моторс

Alsvin салоны эко-былғарыдан жасалған. Модельде электр қуаты мен биіктігін реттейтін көп функциялы рулі, алдыңғы және артқы есіктерге арналған электр терезелері, жүргізуші мен жолаушы орындықтарын реттейтін механикалық жүйесі, кілтпен жүк салғышты қашықтан ашу мүмкіндігі, желдеткіш бар.

Автокөлікке зауыттан бес жылға немесе 150 мың шақырым жүруге дейін кепілдік беріледі.

Фото: Астана Моторс

Alsvin — техникалық қызмет кезінде үнемді, айдағанға ыңғайлы, жолда сенімді көлік. Седанның бағасы — 6 990 000 теңге. Толық ақпаратты Changan Auto дилерлерінен білуге болады.