Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар. Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы төтенше жағдайлар департаменті қаңтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүру қаупі бар екенін мәлімдеді.
Қар көшкіні қаупі бар аймаққа кіруді шектеу бойынша, демалушылар мен туристердің өтуін шектеу үшін қар көшкіні қаупі бар учаскелерге автокөліктердің өтуіне ПД қатарынан блокбекеттер қойылды: Кіші Алматы өзені бассейнінде (Эдельвейс», «Шымбұлақ» ТШК жоғары), Үлкен Алматы өзені бассейнінде («Аюсай» бөгетінен жоғары), — делінген хабарламада.