ІІМ қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша жол жүрісі қағидаларында жаяу жүргіншілер туралы ұсынылған түзетуді алып тастады.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бұрын «Ашық НҚА» порталында жарияланған жол жүрісі қағидаларынің 16-тармағына енгізілген түзету жобасы халық пен сараптамалық қоғамдастық арасында кеңінен талқыланды.
Ұсынылған түзету бойынша, реттелетін қозғалыс орындарында бағдаршамның немесе реттеушінің рұқсат беру сигналы қосылған кезде жаяу жүргіншілерге жол қиылысы арқылы бұрын бастаған қозғалысты аяқтау үшін көлік құралдарына жол беру ұсынылды. Қазіргі уақытта қоғамдық пікірді және сараптамалық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, аталған түзету жобадан алынып тасталды, – делінген хабарламада.
Бұған дейін жол қозғалысы қағидалары, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерге өзгеріс енгізілетіні айтылған еді.
Жаңа ереже бойынша, бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде жаяу жүргінші жол қиылысында қозғалысын бастап қойған жүргізушіге маневрін аяқтау үшін жол беруі керек еді.