Басты бетЖаңалықтарЭкс-министр Қуандық...

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қылмыстық кодекстің тағы бір бабы бойынша айып тағылды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қуандық Бишімбаев «аса қатігездікпен кісі өлтіру» ісі бойынша тергеуге алдыған болатын. Енді оған тағы бір айып тағылып отыр. Тергеушілер қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы, яғни, «қинау» бойынша қосымша іс қозғады. Оны ішкі істер министрлігі де растап отыр.

Қосымша айып бойынша төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, ал «аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабында 15 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал Салтанат Нүкенова қаза болған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталды. Ол «Қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша істі болып жатыр. Қазір тараптар материалдармен танысуды бастап кетті.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып, өлтіргені туралы хабар тарады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаевқа қатысты екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданғаны белгілі болды.