Үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың алты учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol хабарлады.
Жамбыл облысында – бір учаске:
- «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. – 79 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.
Батыс Қазақстан облысында – төрт учаске:
- «Самара-Шымкент» 195-251 км, РФ шек.–Орал қ.– 56 км.
- «Орал-Тасқала-РФ шек.» 4-104 км, Орал қ.-РФ шек. – 100 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.
- «Чапаево-Жалпақтал-Казталовка» 0-213 км, Чапаево а.-Казталовка а. – 213км.
- «Подстепное-РФ шек.» 0-36 км, Подстепное а.-Федоровка а. – 36км.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысында – бір учаске:
- «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка а.-Рощинское а. – 166 км.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 450 бірлік техника және 738 жолшы жұмылдырылды.