Алматы облысының тауларында 15-18 қаңтар аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан, туристерден қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сонымен қатар таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларды сақтауға шақырды.
Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады, — делінген хабарламада.