Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша елімізде төлем карталарының саны 38,5 миллионға жетті. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.
Оның ішінде 33,5 миллион бірлік кредиттік карта, 4,7 миллион бірлік дебеттік және 275,7 мыңы басқа карталар. Бес жыл ішінде пайдаланылатын төлем карталарының саны 3,6 есе өсті.
Кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемді қолдайды. Былтырғы үш тоқсан бойынша сауда кәсіпорындарында 975,3 мың POS-терминалдар болды. Сонымен қатар сауда нүктелерінің саны артты. Төлемді эквайермен қызмет көрсетуге шарт жасасқан кәсіпкерлер саны бірден 1,5 есе ұлғайды.
Кәсіпкерлік қызметіне қатысты мобайл аударымдарға қатаң бақылау жүргізіледі. 2023 жылы мемлекеттік кірістер комитетіне банктерден үш ай ішінде 100 түрлі тұлғадан өтініш келіп түсті. Жоба жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Өйткені көптеген кәсіпкер (дүкендер, такси жүргізушілері және т.б.) жеке шоттарға мобайл аударымдар арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы алады. Сонымен қатар аударымдарға көбіне чектер берілмейді.
Елімізде төлемді қолма қол ақшамен қабылдайтын кәсіпкерлердің үштен бірі Алматы (143,8 мың), Астана (97,2 мың) және Шымкент (47,2 мың) мегаполистеріне тиесілі.