Басты бетЖаңалықтарАлматы метрополитенін...

Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланған

Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржы ұрланған. Бұл туралы көлік прокуратурасы хабарлады.

Бас көлік прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысында былтырғы жұмысы қорытындыланды. Онда Алматы метрополитенін салу кезінде 5 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқыру дерегін тергеу аяқталғаны белгілі болды.

«Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғалары мен басқа да тұлғаларға қатысты 5 миллиард теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру және Алматы метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру деректері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық ісматериалдары сотқа жолданды, — делінеді прокуратураның хабарламасында.

«Метрополитен» КМК-да 5 миллиард теңге жымқыру дерегі бойынша тергеу 2023 жылы 28 тамызда аяқталды. Тергеу нұсқасы бойынша күдіктілер Алматының жаңа метрополитен желісін салу кезінде үлкен басқару функцияларына ие болған. Дәл осы өкілеттер оларға қылмыстық жағдай жасап, 5 миллиард теңгені ұрлауға мүмкіндік берген. Ол үшін олар жалған баға ұсыныстарын жинауды ұйымдастырған және соның негізінде жабдықты бағадан 10 есе жоғары бағамен сатып алу сметасы жасалған. Кейін ұрланған ақшалар жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналып отырған.

Ұрланғанды қайтару үшін қымбат үш пәтер, Алматыдағы офистік кеңсе, Алматы облысында жер учаске, люкс автокөліктер, брендті сағаттар және күдіктілердің басқа да активтеріне арест салынды.