Басты бетЖаңалықтарСейсмолог Алматыдағы...

Сейсмолог Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі бойынша болжам жасады

Алдағы аптада Алматының сейсмикалық белсенді аймағында күшті жер сілкінісі күтілмейді. Бұл туралы ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, сейсмология институты апта сайын болжамның бірнеше түрін жасап, аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға береді.

10 қаңтарда болжамдық комиссия күрделі сейсмологиялық материалдар бойынша, 10 қаңтар мен 17 қаңтарды қоса алғанда, аптаның қысқа мерзімді кезеңіне қорытынды жасады.

Қорытынды бойынша, Алматы сейсмикалық белсенді өңірінің аумағында эпидошағында 7 балдан асатын күшті жер сілкінісі күтілмейді. Сонымен қатар бір жыл ішінде сейсмологтар осындай 52 қорытынды жасап, төтенше жағдайларды жою органдарына тікелей жібереді, — деді Нұрсәрсен Өзбеков Алматы бойынша департаментте өткен брифиңде.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде тараған «15 қаңтар күні Алматыда жер сілікінісі болады» деген ақпараттың шындыққа жанспайтынын атап өтті.