Басты бетЖаңалықтарКөлік салығын...

Көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады

Автокөлігі бар жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі жақындады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті хабарламада. 

Жеке тұлғалардың 2023 жылға көлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 сәуірінде аяқталады. 2023 жылғы салықты есептеу кезінде былтырғы 3 450 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы және «e-Salyq Azamat» мобайл қолданбасындағы салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады. Бұл ретте есептік сальдоны анықтау үшін салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді, — делінген хабарламада. 

Есептелген сомалары туралы ақпарат наурызда «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мобайл қолданбаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарламалар түрінде жіберіледі. Сонымен қатар салық сомасы туралы ақпарат kgd.gov.kz web-порталдағы «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сонымен бірге «Каспий банкі» АҚ және «Халық банкі» АҚ мен «e-Salyq Azamat» мобайл қолданбаларында болады.

Жеке тұлғалар салықтарды басқа жолдармен де: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде қолма-қол ақша қаражаттарымен немесе төлем терминалдарында, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталары арқылы төлей алады, — делінген хабарламада.