Мемлекетке 53 миллиард теңгеден астам соманың активі қайтарылды

Бас көлік прокуратура алқасының кеңейтілген отырысында 2023 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас көлік прокуроры Тимур Сүлейменов өз сөзінде көліктегі заңдылықты қамтамасыз етубойынша қабылданған кешенді шаралармен жүйелі проблемалық мәселелерді шешу жолдары табылғанын, сонымен қатар кәсіпкерлермен еңбек ұжымдарының құқықтары қорғалғанын атап өтті.

Мемлекетке 53 миллиард теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. 1 367 қадағалау актісі қаралды, олар бойынша 5 932 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды және әртүрлі жауапкершілікке 1 358 тұлға тартылды.

2022 мен өткен жылда да қадағалау қызметінде азаматтардың көліктің барлық түрінде жүріп-тұруы кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мысалы, прокуратураның талабы бойынша жергілікті атқарушы органдар Алматы, Шымкент, Астана және Түркістанның әуеайлақ маңындағы кездейсоқ қоқыстарды жойды.

Қадағалау органның үйлестіруі нәтижесінде ұшақтардың құстармен соқтығысуына байланысты әуежайларға жақын жағдай айтарлықтай жақсарды. Мұндай жағдайлардың 60%-ке төмендеуі тіркелді. Басқа жағдайда, автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыс медициналық-құтқару көмегін уақтылы көрсету мүмкін болмағандықтан, жолда өлімдердің жоғары деңгейіне теріс үлес қосқан ұйымдық салалық проблемаларды шешуге мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, төтенше жағдайлар министрлігі алғаш рет трассалық медициналық-құтқару пункттерін қайта орналастыру және орындарын айқындау әдістемесін қабылдады.

Көлік министрлігі ықтимал қауіпті жол учаскелерін анықтау және есепке алу бойынша стандарттарды жетілдірді. Бұл жұмысқа енді жергілікті әкімдіктер де тартылатын болады. Еліміздің автомагистральдарындағы ұялы байланыстың «соқыр аймақтарының» проблемаларын жоюы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланып отыр.

Электрондық кезектің енгізілуіне байланысты Қытаймен шекарасында тауарлармен жүк көліктерінің жиналуы байқалды. Шекаралық дүрбелең кәсіпкерлердің үнемі шағымын тудырды.

Прокуратураның үйлестіру шараларымен кедендік бекеттерде («Нұр-Жолы» бекеті, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы) жүктердің өткізу қабілетін төрт есеге арттырып, тауарларды жеткізу мерзімін 2 айдан 10 күнге дейін қысқартты.

Бизнесті қорғау бойынша жұмыс шеңберінде халықаралық тасымалдарға рұқсат алу рәсімі оңтайландырылды. Құжаттар пакетін үштен біріне қысқартуға және алты мың тасымалдаушыға қойылатын талаптарды едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретін түзетулер әзірленді.

Прокуратураның талабы бойынша «Самұрық-Қазына» сатып алуды өткізу тәртібінен кәсіпкерлік туралы заңнаманың нормаларына қайшы келетін және өз кезегінде жекелеген бизнес субъектілерінің құқықтарына қысым жасауға әкеп соқтырған ережелер алынып тасталды.

Көлік прокуратурасы үшін авиакомпания мен теміржол көлігіндегі жол жүру құжаттарына баға белгілеудің тәртібі мен негізділігі де өзекті мәселе де болып қала береді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокуратураның ұсынысы негізінде AirAstana авиакомпаниясында тексеру жүргізді, нәтижесінде билеттер құнынан жанармайалымы шығарылып тасталды. Тасымалдаушының өзі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған ұқсас прокуратураның наразылығы бойынша уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша поездарға теміржол билеттерін өткізу кезінде динамикалық баға белгілеу коэффициентін заңсыз қолдануды тоқтатты.

«Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты 5 миллиард теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлау және Алматының метрополитенін салу кезінде жалған шот-фактуралар жазып беру фактілері бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

Сонымен қатар алқа отырысында көлік прокуратурасының 2023 жылғы қадағалау жұмысы қоғамды ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жарияланғаны атап өтілді.

Соңында бас көлік прокуроры алдағы жылға арналған басым міндеттерді айқындады.