Өскеменде екпінді жел электр желілерін зақымдады. Шағынаудандар мен ауылдар жарықсыз қалды.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райының нашарлауына және желдің жылдамдығы секундына 32 метрге жетуіне байланысты қалада электр қуаты жоқ. Төтенше жағдайлар табиғи құбылыс әсерінен сымдар мен электр кабельдерінің үзілуіне байланысты, — делінген хабарламада.
Ведомствода «БЭСК» АҚ жедел-көшпелі бригадалары авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.