Басты бет Жаңалықтар 10 жасар дойбышы төртінші дүркін ҚР чемпионы атанды

10 жасар дойбышы төртінші дүркін ҚР чемпионы атанды

Ақсай ауылының тумасы, 10 жасар атыраулық дойбышы Бекарыс Жұмалиев дойбыдан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атағына ие болды.

«Дойбыдан ҚР жастар чемпионаты Қаскеленде өтті. Бекарыс барлық 9 қарсыласын жеңіп шығып, «Классика» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Менің оқушым өзінен екі-үш жас үлкен балалармен ойнады. Осыған қарамастан, Бекарыс біздің бар үмітімізді ақтады», — деді жас чемпионның бапкері Берік Молдаш.

Оның айтуы бойынша, спорттық ережеге сай жас дойбышы Бекарыс Жұмалиев ҚР спорт шебері атағын алуы тиіс. Алайда қазақстандық ереже бойынша, бұл атақ тек 14 жастан кейін ғана беріледі.

«Әзірге бұл мәселе қаралып жатыр», — деп хабарладыбапкер Берік Молдаш.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version