Қазақстанда 2025 жылы ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Қазақстан үкіметі 2023 жылғы 29 желтоқсанда «2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» қаулы қабылдады.

2025 жылғы 1 тамыз – 20 қазан аралығында Қазақстан Республтикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілсін, — делінген қаулыда.

Санақты жүргізген кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру арнайы құрылған комиссияға жүктеледі.

Қаулы 2024 жылғы 19 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бір рет қана, 2006-2007 жылдары өткізілген.