Екі облыста республикалық жол жабылды

Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдарда шектеу енгізілді. Төрт учаскеде жол жабылды. 

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлады. 

Жетісу облысы:

  • «Үшарал-Достық» (84-184 шақырымы), Көктұма станциясынан-Достық станциясына дейін — 100 шақырым;

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Киялы-Рощинское» (65-228 шақырымы);
  • Возвышенка-Рощинское – 163 шақырым;
  • «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» (0-47 шақырым), Рощинское-Корнеевка– 47 шақырым;
  • «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасына дейін» (213-280 км), Кішкенекөл-РФ шекарасы – 67 шақырым;

Осы учаскелерде көліктің барлық түрі үшін жол жабық. Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 389 техника және 750 адам жұмылдырылған.