ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі сағат 00.07-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 639 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8.
- MPV магнитудасы – 4.8.
- Жер сілкінісінің координаттары –43,89° с.е., 84,75° ш.б.
- Тереңдігі – 35 км.
Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ, — делінген хабарламада.