Басты бетЖаңалықтарУЕФА Қазақстан...

УЕФА Қазақстан футбол федерациясына миллион еуро төлейді

УЕФА президенті Александер Чеферин конгресс отырысында осындай қаржыландыру болашақта да жалғасын табатынын айтты. Бұл өтен жылдың қорытындысы бойынша 4,58 миллиард еуро пайда табуына байланысты іске асып отыр.

«Біз қосымша түрде әр ассоциацияға бір миллион еуро беру туралы шешім қабылдадық. Мұндай шешімге біз қаржылай қорытындының табысты болуынан және УЕФА турнирі сәтті өткеніне байланысты жасап отырмыз», — деді Чеферин.

«Біз футбол құндылықтарын қорғайтын боламыз. Моралистермен күресеміз. Футбол адамдарды жақындастыруы керек», — деді УЕФА президенті.

Айта кетейік осы ұйымның құрамына 55 ұлттық ассоциация кіреді, оның ішінде Қазақстан футбол федерациясы да бар.

ДереккөзVesti.kz