Жамбыл облысында көліктен жолға тасталған сәби туралы оқиғаның анық-қанығы белгілі болды

“Тергеу қорытындыларына сәйкес, жол бойына жаңа туған сәбиді лақтырған әйел мен оның күйеуі қызды асырап алған. Ал қыздың туған әке-шешесі қазіргі уақытта Алматыда тұрып жатыр екен”, – деп хабарлады Талас аудандық ІІБ  басшысы Азамат Айхынбеков.

Облыстық прокурордың көмекшісі Еркін Қуанышев оқиғаның анық-қанығын айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, өзнің баласы болмаған соң, Бақтыгүл Байсенгереева күйеуінің ағасының қызы асырп алған екен. Қыздың туған әке-шешесі Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында тұрады. Әкесінің аты Хасен Ермекбаев екенін айтты.

1962 жылғы Бақытгүл Байсенгереева қыздың жүкті екенінен хабарсыз болғанын, қорыққандықта баланы лақтырып жібергенін мойындаған. Сәби босанғанда тірі болған, өйткені көлік ішіндегілердің бәрі нәрестенің жылаған даусын естіген.

Көлік жүргізушіге де қатысты қылмыстық іс қозғалы пжатыр. Ол 6 жалға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін, өзінің қатты таң қалғанын айтып ақталып отыр. Жалпы алғанда, жас анаға, оны асырап алған анасына, сәбидің әкесіне және көлік жүргізушіге қатысты4 қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Сәбидің әкесі ұсталды. Ол 1998 жылғы Сайлаубек Елдосов, Қаратау қаласында колледжде оқиды. Ол Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны.

Қазіргі уақытта сәбидің анасы ауруханада жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Сот қызды екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды.

Бұл оқиға 13 қаңтар күні таңертең болған еді. Бақтыгүл Байсенгереева асырап алған қызымен бірге Таразға жолғы шыққан. Жолда қызының толғағы келіп, сол жерде босанған. Қыздың өгей шешесі Аққөл ауылының кіре берісінде сәбиде көліктен сыртқа лақтырып жіберген. Сәби сол жерде шетінеп кетті.

Дереккөзstan.kz