Басты бетЖаңалықтарАқтауда қырылған...

Ақтауда қырылған аққу саны 600-ден асты

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында 601 аққудың (аққулардың бұл түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген) қырылғанын растады. Бұл туралы Lada.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, өлген құстардың саны туралы ақпарат күн сайын жаңарып отыр.

2023 жылғы 21 желтоқсанда Қаракөл көлінде аққулар өлгені туралы алғашқы хабарлама келіп түсті. 6 қаңтардағы жағдай бойынша 601 аққу өлгенін анықтадық. Қырылған аққулардың 90%-тен астамы – жас төлдер, — деді Ғаббас Досатов аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте.

Бастапқы сынақтардың нәтижелері аққулардың құс тұмауынан өлуі мүмкін екенін анықтады.

H5N1 азиялық штамы табылды. Бұл вирус адамдар үшін қауіпті емес, құстарға көбірек әсер етеді. Ал басқа жануарлар оны симптомсыз алып жүреді, — деді ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазин.

Маманның айтуынша, облыстың ветеринарлық қызметтер жеке қосалқы шаруашылықтардағы үй құстары арасындағы эпизоотиялық жағдайға күнделікті мониториң жүргізіп жатыр.

2023 жылғы 27 желтоқсанда Маңғыстаудағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 аққудың өлексесі табылды.