Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) WTA 500 турнирінің финалында беларусь спортшысы Арина Сабаленконы (2-орын) ұтты. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Бірінші сет 6:0 есебімен аяқталып, 25 минутқа созылды. Екінші сет нәтижесі – 6:3. Брисбендегі турнирде Рыбакина қарсыластарына 15 гейм ғана берді.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Елена Рыбакина жеті эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Арина Соболенко үш эйс, бір брейкпен шектелді.
Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанып, келесі аптада әлемнің үшінші ракеткасы болады.