7 қаңтарда «СОМЭ» сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері қаланың өзінде де сезілді.
Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 09:10-да болды.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 55 шақырым жерде Қазақстан аумағында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.3.
MPV магнитудасы: 4.6.
Тереңдігі: 10 км.
Сезілгені туралы мәлімет: Түрген – 3 балл, Алматы – 2 балл.