Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
Абай облысында — 1 учаске:
- «Алматы-Өскемен» автожолында 615-683 км, Жетісу обл.шек. — Таскескен а. дейін.
Жетісу облысында — 2 учаске:
- «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст — Достық ст. дейін – 100 км.;
- «Алматы-Өскемен» автожолында 557-615 км, Үшарал қ. — Абай обл. шек. дейін – 58 км.
Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылды.