Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты екі жол учаскесі жабылды. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бүгін сағат 09.45-тен бастап қатты жел мен боранға байланысты жол Жетісу облысына қарай қатынайтын көліктердің барлық түрлері үшін екі жол учаскесі жабылды.
Олар:
- Мақаншы–Жалаңашкөл (0-133 шақырым);
- Мақаншы–Үшарал (0-48 шақырым).