Алматының Алатау ауданында жаңа демалыс аймағы пайда болды

Алматының Қарасу шағынауданында тұрғындардың бос уақыты мен белсенді демалысы үшін бес футбол алаңының көлеміндей аумақ пайда болды.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Алатау ауданының тұрғындары Алматы әкімі Ерболат Досаевқа бос тұрған жерді абаттандыру туралы өтінішпен жүгінген еді.

36,5 мың шаршы метр аумаққа кеспе тастар мен асфальт төселді, 79 жарықтандыру құрылғысы, 32 орындық және 20 тас урна орнатылды. Көгалдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді – 1 251 ағаш, оның ішінде шаған, қайың, шамшат ағаштары отырғызылды, — делінген хабарламада