Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда ең...

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсті

1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері өсті. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, ең төменгі жалақы 70 000 теңгеден 85 000 теңгеге дейін өсті. Еңбек кодексі бойынша жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен болмайтын деңгейде төлеуге міндетті.

Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық саласында жұмыс істейтін 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі. Бірінші кезекте ең төменгі жалақыны арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады, — делінген хабарламада.

Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.