Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Куба және Словак Республикасының президенттерін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен Куба халқын Бостандық күнімен құттықтады. Оған қоса Зузана Чапутованы Словак Республикасының құрылған күнімен құттықтады.

Егемендік пен теңдікті қастерлей білген еліңіз бүгінде өзінің саяси-экономикалық тұрақтылығы мен халықаралық беделін арттыруда қомақты жетістіктерге қол жеткізуде. Осы тұста Отаныңыз баянды дамуын жалғастырып, биік мақсат-мұраттарға жете беруіне шынайы тілектеспін. Кариб бассейніндегі Қазақстанның жақын әрі сенімді серіктесі Кубамен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да тереңдей түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған Куба халқын құттықтаған жеделхатта.

Словак Республикасының президенті Зузана Чапутованы да құттықтап, екі ел арасындағы ықпалдастықтың болашағына сенетінін айтты.

Фото: Ақорда

Егемендік пен бірлік құндылықтарын ту еткен еліңіз бүгінде өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық аренадағы беделін арттыруда биік белестерді бағындырып келеді. Осы тұста Отаныңыз баянды өркендеуін жалғастырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Словакия арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтемін. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де зор жетістіктерге толы болатынына кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.