Әлемдік биржада мұнай арзандады. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі хабарлады.
Агенттік ақпаратына сәйкес, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 0,11 долларға төмендеп, 77,04 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light мұнайы барреліне 0,12 долларға арзандап, 71,65 долларды құрады.