Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті және «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау филиалы қар көшкінінің жүру қаупі туралы ескертті.
Алматы облысының тауларында 2024 жылдың 3 қаңтарына дейін көшкін қаупі сақталады. Осыған орай, құтқарушылар азаматтардан, туристер мен демалушылардан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.
Тауларда қар деңгейінің едәуір өсуіне байланысты (25 см – ден артық) — Алматы обылысының аумағында қар көшкіні қаупі жоғары. Тауға барудан бас тартуды, таудың қарлы беткейлеріне шықпауды ұсынамыз, — делінен «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау филиалы таратқан хабарламада.