2023 жылдың тоғыз айында еліміздегі қонақүйлер туристерге 175,7 миллиард теңгеге қызмет көрсетті. Бұл туралы туризм министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ке артық.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 129,2 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен. Ал пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда аталған көрсеткіш шамамен екі есе өсті.
Қазіргі таңда еліміз бойынша барлығы 4 мыңнан аса туристік орналастыру орны бар. Олардың қатарына қонақүйлер, мотельдер, пансионаттар, балалар лагерлері, кемпингтер, жатақханалар, демалыс үйлері және басқа да орындар кіреді.