Басты бетЖаңалықтарПрофессор: Баум...

Профессор: Баум тоғайында тек апатты ағаштар кесіледі

Баум тоғайының экологиялық жағдайын бағалау бойынша зерттеу жұмыстарына қатысқан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Бұлқайыр Мәмбетов тоғайда өсетін апатты ағаштарға санитарлық кесу қажет екені туралы айтып берді.

Екпелерді рекогносцирлі орман-патологиялық зерттеу нәтижесінде барлық жерде дерлік ағаштар мен бұталардың жапырақ жейтін зиянкестермен зақымдалғаны анықталды. Бұл зиянкестер жаппай көбейген кезде онсыз да әлсіреген тоғай екпелеріне елеулі зиян келтіруі әбден мүмкін, — деді Бұлқайыр Мәмбетов.

Ол ағымдағы жылы бейінді ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлерін тарта отырып, апатты әрі кепкен, қураған, ауруға шалдыққан ағаштарды жоспарлы іріктеп, санитарлық кесу жұмыстары басталғанын атап өтті. Сонымен қатар, сәндік тұрғыдан құнды қатты ағаш түрлері (липа, каштан, катальпа, ақ акация, емен) трансплантацияланады. Сау ағаштар үшін Баум тоғайындағы жұмыс жоспарлары бойынша күтім жұмыстары қарастырылған-топырақ пен өсімдіктердің жер үсті бөлігіне күтім жасау (азықтандыру, суару, қопсыту және т.б.).

Баум тоғайындағы ағаштардың орташа жасы-100-140 жас. Тоғай аумағында ағаш және бұта өсімдіктерінің бірнеше түрлері өседі, олардың басым бөлігі ұсақ жапырақты қарағаш (Ulmus parvifolia), бүдірлі қарағаш (Ulmus glabra), жапырақты үйеңкі (Aseg platanoides), үйеңкі (Aseg negundo), жапырақты емен (Quercus robur), аласа қайың (Betula pendula), ақ акация (Robinia pseudoacacia), терек (Populus).