Алматыда «Жаңа жыл елімізді аралауда» дәстүрлі президент шыршасы өтті.
Мерекеге 300-ден астам бала, оның ішінде жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіктері бар балалар, сонымен қатар оқуда, спортта және шығармашылықта жетістікке жеткен дарынды балалар шақырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан шырша қонақтарын Алматы әкімі Ерболат Досаев құттықтап, балаларға зор денсаулық, табыс және жаңа жылда барлық ниет-армандарының орындалуын тіледі.
Концерттік бағдарлама «Жаңажылдық сиқыр» музыкалық-интерактивті шоу-спектаклі болды. Спектакльдің ажырамас бөлігі Еркеш Хасеннің оырндауында «Жаңа жыл» әнінің орындалуы мен балалардың шыршаны айналып, осы әнді айтулары арқылы шыршаның жағылуы, Аяз Ата мен Ақша қардың, 2024 жылдың символы – айдаһар мен танымал мультфильмдер мен аниматорлар кейіпкерлер болды.
Айта кетерлігі, биыл шыршаның төменгі бөлігіне ойыншықтар ілінбеді, балалар өздері оны безендіруге қатысып, «жасыл шыршаға» жаңа жылдық ойыншықтарды ілді.
Іс-шара соңында барлық қонақтар Қазақстан Республикасы президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды.