«Қазақмыс» компаниялар тобы 2023 жылғы 26 желтоқсанда Ұлытау ауданындағы «Жыланды» кенішінде болған қайғылы оқиға туралы хабарлады.
Сағат 18:.0-да «Шығыс Сары-Оба» шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, жүргізуші абайсызда 1992 жылғы туған жүргізушіні қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр, — делінген хабарламада.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.