Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдіспен анықталатынын айтты.
Министр 2024 жылы ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесі әзірленетінін айтты.
Бұл әдістеменің негізгі алғышарттары – орташа жалақы мен еңбек өнімділігі қолданылады. Бүгінге дейін болмаған нәрсе. Тиісінше, ЕТЖ Қазақстанда қандай өнімділік, орташа жалақы қандай болатынына байланысты болады, — деді Светлана Жақыпова.
Ол мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі парламент палаталарының бірлескен отырысында айтқан тапсырмасы бойынша, 2024 жылы ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін арттыру тапсырылғанын еске салды.
Бұл жұмыс орындалды, республикалық бюджет туралы заңда қаражат көзделген және келесі жылдан бастап ЕТЖ 85 мың болады. Келесі жылы оны әзірлеп, соған сәйкес бірге талқылаймыз. Әзірлеуге серіктестеріміз де қатысады — бұл жұмыс берушілер қауымдастығы, кәсіподақтар, қызметкерлердің өздері, — деді Светлана Жақыпова.