Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда автогаздың...

Қазақстанда автогаздың шекті бағасы бекітілді

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті.

Жаңа баға шегі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар мынадай:

  • Астана — 76 теңге;
  • Алматы — 81 теңге;
  • Шымкент — 64 теңге;
  • Алматы облысы, СҚО — 81 теңге;
  • Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары — 54 теңге;
  • Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары — 76 теңге;
  • Жамбыл облысы — 71 теңге;
  • Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары — 64 теңге;
  • Павлодар облысы — 74 теңге.
  • Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары — 76 теңге.

Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан артық) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.