Бәріміз Жаңа жылды артық әбігерге салынбай, бюджетке салмақ түсірмей ерекше қарсы алғымыз келеді. Мереке кезіндегі у-шуға уақытты құртпау үшін Baribar редакциясы Ozon маркетплейсімен бірге Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыруға арналған чек-лист дайындады. Осы арқылы көп уақытты демалуға жұмсап, бюджетіңізді де үнемдей аласыз.

Жаңа жылдың ең үздік чек-листі

  1. Жаңа жылдың атмосферасы
  2. Мерекелік кешкі ас
  3. Отбасымен бірге көретін фильмдер
  4. Атмосфера жасайтын әуендер
  5. Бір-бірімізбен үстел ойынын ойнау
  6. Жақындарымызға арналған сыйлықтар

Жаңа жылдың атмосферасы

Бұл күнді ерекше костюм киіп өткізуге не кедергі? Қонақтарға дресс-код пен тематиканы ескертіп қойыңыз. Сонда әркім не киетінін алдын ала ойластырады. Сонымен бірге тематика тым күрделі әрі қымбат болса, қонақтарды шошытуы мүмкін екенін де ескеріңіз. Шығармашыл әрі тиімді болса, одан ешкім жалықпайды. Айтпақшы, дәл осы сәнді костюмдермен үйде фотосессия ұйымдастырып жіберіңіз. Ол үшін Ozon-нан фотоны сол сәтте шығарып беретін камераға тапсырыс беріп, полароид фотоларды естелікке сақтап қойыңыз.

Мерекелік кешкі ас

Жыл сайынғы уайымның бірі – «Жаңа жыл дастарханына не пісіремін?» деген сұрақ. Эксперимент жасайық! Бұл жолы сүйікті дәстүрлі тағамдарды да, бұрын жеп көрмеген тағамдарды да дайындаңыз. Қажет азық-түліктің бәрін сатып алу үшін дүкенде ұзын сонар кезекте тұрмаңыз. Тауарлардың жоғары бағасына қарап, көңіліңізді түсірмеңіз. Барлық өнімге онлайн тапсырыс беруді ұсынамыз. Ozon кез келген тапсырысты дереу үйіңізге немесе ең жақын жеткізу нүктесіне апарып береді. Ең бастысы, жеңілдіктерге назар аударыңыз: Озонда мерекелік сатылымдар жиі болады.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Музыка

Биыл 30 желтоқсан сенбіге түсіп тұр. Демек, мерекеге асықпай дайындалуға уақыт бар. Осы уақытты пайдаланып, мереке күні кешіңізді әрлендіретін музыкаларды таңдап, жинап қойыңыз. Музыканы сүйікті жаңажылдық фильмдер арқылы, бала кездегі Жаңа жылды тойлаған сәттерді еске түсіре отырып, жинауға болады. Өйткені бұл әндер отбасы мүшелерінің бәріне таныс. Мереке күні әуенді қандай құрылғы арқылы қоятыныңызды да ойластырыңыз. Ол үшін колонка немесе теледидар қажет болуы мүмкін. Күйтабақ ойнатқышыңыз дайын болса, онда Ozon-нан виниль таспаларын ала аласыз. Ең бастысы көршілеріңіздің де жайлылығын ойлап қойыңыз. Музыканың дыбысы белгіленген шектен асып кетпесін.

Біздің жаңа жылдық сүйікті әуендеріміз:

  • «Last Christmas» − Wham!
  • «All I Want for Christmas Is You» − Mariah Carey
  • «Jingle Bell Rock» − Bobby Helms
  • «Let It Snow! Let It Snow! Let It Snow!» − Dean Martin
  • «Wonderful Christmastime» − Paul McCartney
  • «Frosty the Snowman» − Gene Autry
  • «Rockin’ Around the Christmas Tree» − Brenda Lee

Фильм

Жаңа жылды осы мереке туралы фильмдермен көркемдеуге болады. Мерекелік демалысыңызды өзіңізге таныс жаңа жылдық фильмдерді тамашалап, өткізіңіз. Болмаса, бұрын көрмеген әрі сізді ерекше көңіл-күйге бөлейтін фильмдерді де түгелдеңіз.

Біздің таңдауымыз:

  • Кішкентай ханымдар/Маленькие женщины
  • Отбасылы/ Семьянин
  • Сен ұйықтап жатқанда/ Пока ты спал
  • Клаус/Клаус
  • Отбасыма сәлем!/ Привет семье!
  • Жаңа жылдық хроника/ Рождественские хроники
  • Поппер мырзаның пингвиндері/ Пингвины мистера Поппера

Ойындар

Жаңа жыл бүкіл әлемде – отбасылық мереке. Сондықтан бұл күні уақытты қызық өткізу үшін жақындарыңызбен үстел ойындарын ойнауды ұсынамыз. Оның ішінде атақты Cashflow ойынын Ozon.kz-тен  таба аласыз.

Біз ұсынатын ойындар:

  • Монополия
  • UNO
  • Менің көршім логопед/Мой сосед логопед
  • Мұнара/Башня
  • Жастар slang/Молодежная Slang
  • Мафия
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Сыйлықтар

Жаңа жылға дайындық кезі көңілге әрдайым қуаныш сыйлайды. Бірақ адам толған сауда орталықтарынан сыйлық іздеу бұл күйді жоқ қып жіберуі мүмкін. Бақытымызға орай, қазір уақытыңызды ысырап етпеудің амалы бар. Ozon маркетплейсі косметика мен аксессуарлардан бастап азық-түлік пен электроникаға дейін кез келген талғамға арналған 250 миллионнан астам өнімді ұсынады. Жеңілдіктерге назар аударыңыз: қазір Ozon-да жаңа жылдық сатылым болып жатыр. Бұл сіздің шопиңіңізді екі есе жағымды етеді. Жақында маркетплейс Қазақстандағы сатып алушылар үшін комиссиясыз бөліп төлеу мүмкіндігін іске қосты. Бүкіл процедураға бірнеше минут қана кетеді және онлайн рәсімделеді. Бұл жаңа жылдық бюджетті ақылмен жұмсағысы келетіндер үшін тамаша мүмкіндік болмақ.

Биылғы Жаңа жыл мерекесі сіз үшін шынымен ерекше болсын! Ozon-мен бірге жасаған чек-листіміз  арқылы барлық қажетсіз дүрбелеңнен арыласыз әрі ештеңе тасада қалмайды деп үміттенеміз. Өзіңіз бен жақындарыңызға махаббат, қамқорлық және ұмытылмас сәттер сыйлаңыз!