Басты бетЖаңалықтарҮкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын мақұлдады

Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын мақұлдады

Үкімет отырысында Қазақстан аумағында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы таныстырылды.

Құжат мынандай маңызды шараларға бағытталған:

  • халықаралық стандарттарды орындау және еңбек жағдайының сапасын арттыру;
  • деректер базасын интеграциялау арқылы ұйымдарда еңбекті қорғау саласындағы проактивті мемлекеттік бақылауды күшейту;
  • жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру;
  • өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру моделін енгізіп, жұмыс күшін үнемдеу жүйесін құру.

Үкімет мүшелері тұжырымдаманы мақұлдау туралы қаулы қабылдады.