Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыста жарақат алады, 200-ден астам қайтыс болады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанда 500 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейді.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш өндірістік процестерді автоматтандыру және қауіпсіздік техникасы деңгейін арттыру есебінен жыл сайын азайып келеді. Ал бізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші біршама жоғары екенін атап өтуге тура келеді. Елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыс барысында жарақат алады. Оның ішінде 200-ден астам адам қаза болады, – дейді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.