Қытайдың «China Southern Airlines» әуе компаниясы 25 қаңтардан бастап Алматы–Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін ашады.
Бұл туралы көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Биыл 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында енгізілген визасыз режимді ескере отырып, 2024 жылғы 25 қаңтардан бастап «China Southern Airlines» әуе компаниясы Алматы–Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.
Рейстер жаңа «Бейжің Дасин халықаралық әуежайынан» аптасына үш рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) орындалады. Жолаушыларды Airbus-A320 типті әуе кемелері тасымалдайды.