Ақтауда су мен жылу қалыпты жағдайда беріле бастады. Бұл туралы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жөндеу жұмыстары аяқталып, «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорны қызмет көрсетуші мекемелерден жылу тораптарын ашуды сұрады, — делінген хабарламада.
Бүгіннен бастап қалыпты жағдайда су мен жылу беріле бастайды.
Еске салайық, Ақтаудың бірнеше шағынауданы жылу мен судан уақытша ажыратылған еді.