ТЖД: Алматы су қоймаларындағы мұздың қалыңдығы 10 сантиметр

Мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін – кемінде 15 сантиметр, көпшілікке арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін 25 сантиметрге жетуі керек.

Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, қаладағы су айдындарының маңына тыйым салу және ескерту туралы 38 белгі қойылған. Мегаполисте қыс маусымында қауіпті сегіз өзен-көл бар.

Қазіргі уақытта Алматыда ауа температурасы 2-4 градус жылы. Әдетте, мұндай температурада мұз жұқа болады. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша алдағы аптада ауа температурасы 6-дан 12 градусқа дейін жетеді. Бүгінгі таңда мұздың қалыңдығы 10 сантиметр, бұл мұздың үстінен өту үшін қауіпті, — дейді Әнуар Юсупов.

Оның айтуынша, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін – кемінде 15 сантиметр, көпшілікке арналған іс-шараларды ұйымдастыру үшін 25 сантиметрге жетуі керек.