Қазақстан мен Сауд Арабиясы Алматы–Эр-Рияд бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу туралы уағдаласты.
Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Тиісті шешімге Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Сауд Арабиясына сапары аясында қол жеткізілді.
Елдер арасындағы рейстерді Сауд Арабиясының FlyNas әуе компаниясы орындайды.
Тікелей әуе қатынасы 2024 жылғы көктем-жаз маусымынан басталады деп жоспарланып отыр. Рейстер аптасына жеті рет орындалады.