Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда алдағы...

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23-25 ​​желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын  жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғал мол атлантикалық циклон науасы жақындап келеді. Біріншіден, республиканың батыс облыстарында, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және көктайғақ, тұман, солтүстік облыстарда бұрқасын, жел күшейеді.

Елдің қиыр шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, — делінген хабарламада.