Басты бетЖаңалықтарАлматыда заңсыз...

Алматыда заңсыз салынған сауда павильондары бұзылады

Алматыда заңсыз салынған сауда павильондары сүріледі. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Достық даңғылы 170/1 мекенжайы бойынша учаскедегі сауда нысандары заңсыз салынған. Сот биыл 2 мамырда аталған сауда павильондарын сүру туралы шешім шығарған. Сот шешімін орындау үшін жақында дүңгіршектерді бөлшектеу жұмыстары басталады.

Сол учаскеде орналасқан ғимаратты сүру бойынша сот процестері де аяқталды. Бұған дейін басқарма меншік иесіне қатысты 2022 жылғы 28 қазанда Медеу аудандық сотына сүру туралы талап арыз берген. Биыл 9 маусымда сот шешімімен бұзу талабы қанағаттандырылды. 2023 жылғы 29 тамызда Алматы қалалық сотының қаулысымен Медеу аудандық сотының шешімі өзгеріссіз қалды, — делінеді хабарламада.

Қазіргі таңда атқару парағы әділет департаментінде.