20 желтоқсан — жазушы, драматург Дулат Исабековтің туған күні. Оның туындылары венгр, поляк, чех және швед тілдеріне аударылған, көп шығармасы Еуропа театрларында сахналанып жүр.
Қаламгердің шығармашылығын қаншалық білетініңізді тексеру үшін тестіден өтіп көріңіз.
0%

Жазушы жігіт Жасын мен студент Бағиланың хикаясы баяндалатын шығарма қайсы?

Дұрыс! Қате!

Бұл — "Қарғын" романы. Шығарманың негізгі оқиғасы Алматы қаласында өрбиді. Негізгі идеясы – адам бойындағы шынайы махаббатты, адал сезімді, биік парасатты жан-жақты көрсету. Шығарманың басты кейіпкері – атышулы жас жазушы Жасын және жоғары оқу орнына енді ғана түскен студент қыз Бағила.

Дулат Исабековтің өз өмірінен алып жазған шығармасын табыңыз

Дұрыс! Қате!

Ата-анасынан ерте айырылған жетімдер туралы «Әпке» романы драматургтың өмірінен алынған. 1977 жылы жазылған бұл туынды үздік шығармалардың қатарында жиі аталады. 2014 жылы роман бойынша телехикая түсіріліп, Qazaqstan ұлттық арнасынан көрсетілді.

Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында қойылып жүрген "Жүз жылдық махаббат" шығармасы не туралы?

Дұрыс! Қате!

Қаламгердің бұл шығармасында халық жауы науқанымен екі рет ұсталып, 44 жыл ғұмырының 10 жылын қапаста өткізген ақын Мағжан Жұмабаевтың қасіретті тағдыры баяндалады. Сонымен қатар бұл — Мағжан Жұмабаев пен Зылиха Жұмабаеваның махаббатынан сыр шертетiн қойылым.

"Гауһартас" фильмінде Тастанның рөлін кім сомдайды?

Дұрыс! Қате!

Режиссер Шәріп Бейсенбаев басты кейіпкер Тастан бейнесін сомдайтын актерды ұзақ іздеген. Іріктеуге келген актерлардың ешбірі режиссер көңілінен шықпаған. Күндердің күнінде түсіру алаңына Әнуар Боранбаев келіп, режиссер іздегенін тапқандай болған деседі.

Дулат Исабековтің мектеп оқып жүргенде жазған әңгімесін табыңыз

Дұрыс! Қате!

Бұл — "Мақташылар". Дулат Исабековтің 7-8-кластардан бастап роман оқуға көңілі ауады. Сол жылдары әлем әдебиеті классиктері қазақша шығып жатқандықтан, әлем әдебиетін қызығып оқиды. Әсіресе, Александр Гончаревты сүйіп оқыған. "Мақташылар" еңбегін де соған еліктеп жазған. Дулат Исабековтің өзі де ауылда мақта теріп өскен.

Қаламгердің Төлен Әбдік жайлы мына естелігі қай кітаптан алынған: "Телевизор көріп отырған үш жасар шөберем кенет "Ата, Төлен!" деп айғай салғаны. Телевизордан Төлен сөйлеп жатыр ма екен, бәрібір ол оны танымайтын еді ғой деп қасына жетіп келсем, теңіздегі тюлендер жайлы хабар болып жатыр екен. Шөбереме ежіктеп түсіндірдім. "Бұлар Төлен емес, Тюлень, Тюлень". — А-а, Төлен, — деді ол енді түсінген боп.

Дұрыс! Қате!

Бұл үзінді 2022 жылы жарық көрген "Дулат Исабековтің анекдоттары" жинағынан алынды. Бұл кітапта жазушының әріптестері жайлы әр жылы жазған әзілдері берілген. Автордың өзі бір сұхбатында ондағы әзілдің бәрі шын әзіл екенін айтқан.

"Гауһартас" шығармасы о баста қалай аталған?

Дұрыс! Қате!

Повесть басында "Дала еркесі" деп аталған. Бұл туралы қаламгер бір сұхбатында былай деген: "Орыс орманының іші, мойнымызда автомат, биік мұнараның үстінде кезектесіп қарауылда тұрамыз. Бір күні ерте азанда алдымдағы қыстақтан таныс ән естілді. «Маяк» радиотолқынынан алакеуімдегі жым-жырт тыныштықты бұзып, Бибігүл Төлегенова апамыз «Гауһартасты» шырқап жатты. Бұрында да «Гауһартасты» сүйсініп тыңдаушы едім, ал туған елден шалғайда тыңдаған сәтте сағыныш жүректі елжіретіп, көзімнен жас шығып кетті. Бірдеңе жазу керек болды. Әнші туралы ма, әлде ән туралы ма? Ақыры, ән туралы жазуға тоқталдым... Екі айда повесті жазып бітірдім". Әдепкі де «Дала еркесі» деген едім, кейін повесті «Гауһартас» деп өзгерттім".

Дулат Исабековтің повестер жинағын табыңыз

Дұрыс! Қате!

1983 жылы Дулат Исабековтің таңдамалы повестер жинағы "Екі жиырма" деген атпен басылып шықты. Бұл жинаққа "Гауһартас", "Мазасыз күндер", "Пері мен періште", "Дермене" және басқа шығармалары енді.

"Сүйекші" шығармасы қалай аяқталады?

Дұрыс! Қате!

Бұл шығарманың бас кейіпкері — қабір қазушы. Үй-күйсіз, әйел, бала-шағасыз жүрген бейшара адам. Шағын қаланың шетінде таң атқаннан кешке дейін қабір қазады да жүреді. Шығарма желісі бойынша ол ештеңеге ұмтылмай, мақсатсыз өмірден өтеді.

Дулат Исабеков жазған шығарма негізінде түсіріліп, 1975 жылы жарыққа шығып, "Қазақ кино өнерінің алтын тірегі" атанған туынды қайсы?

Дұрыс! Қате!

Қазақ кино өнерінің алтын тірегі «Гауһартас» фильмі 1975 жылы жарыққа шықты. Оның бүкілодақтық тұсаукесері 1977 жылдың маусым айында Мәскеуде өтті. «Гауһартас» фильмі танымалдылығы жағынан Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейін екінші орында болды.

Тест. Дулат Исабековтің шығармашылығын қаншалық жақсы білесіз?
Жарайсыз!

Дулат Исабеков, Дулат Исабековтің шығармашылығы, "Гауһартас"

Дулат Исабековтің шығармаларын сүйіп оқитын сияқтысыз! Қаламгердің барлық шығармасын бір тестіге сыйғызу мүмкін болмады. Сондықтан қазақтың біртуар жазушысын зерттеуді жалғастыра беріңіз! Бұл автор сізді әлі таң қалдырарына сенімдіміз.
Жаман емес!

Дулат Исабеков, Дулат Исабековтің шығармашылығы, "Гауһартас"

Драматургтың бірнеше шығармасымен таныс сияқтысыз. Дулат Исабеков — шығармалары Еуропа театрларында сахналанып жүрген бірегей жазушы. Сондықтан мұнымен тоқтап қалмаңыз. Бәлкім алда оқитын туындыдан өзіңізді тауып қаларсыз?..
Өкінішті...

Дулат Исабеков, Дулат Исабековтің шығармашылығы, "Гауһартас"

Бүгін Дулат Исабековтің шығармашылығы туралы біршама дерек біліп қалдыңыз деп ойлаймыз. Білгеніңіз жазушы шығармашылығына қызықтыра түссе, бек қуаныштымыз!

Әлеуметтік желіде бөлісу: