Қабылданған шаралардың нәтижесінде кейінгі бес жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 6%-ке қысқарды.
Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде кейінгі бес жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 6%-ке қысқарды. Биыл кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 22%-ке өсті. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар жол көлік оқиғалары, жыныстық қылмыстар, бұзақылық және ауырлығы орташа және денсаулыққа ауыр зиян келтіру әрекеттері есебінен өсіп отыр. Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың жалпы санының 30%-і ерікті түрде жыныстық қатынасқа түсу нәтижесінде жасалған, — деді Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Полиция денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, 69 қылмысты анықтады.
Бұл жасөспірімдердің жыныстық өмірді ерте жастан бастайтындығын көрсетеді. Жасөспірімдер пәтер жалдап, түрлі оқиғаларды атап өтеді, онда ата-аналары болмайды, яғни балалар бақылаусыз қалады. Алкогольдік ішімдіктерді немесе есірткі заттарын пайдаланады, нәтижесінде қылмыстың құрбаны болады, — деді Қайсар Сұлтанбаев.